Қарағанды. 2 маусым. ҚазТАГ – Коронавирус жұқтырған Теміртау әкімі Ғалым Әшімов үйіне оқшаулануға жіберілді, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Теміртау әкімінің коронавирусты инфекцияға тапсырған тест нәтижесі оң болып шықты. Қазіргі таңда Ғалым Әшімов үйінде. Денсаулығын дәрігерлер қалыпты деп бағалауда. Денсаулығына шағымы жоқ. Әкім 14 күн үйде оқшауланатын болады. Әкімдік қызметкерлері арасынан онымен байланыста болғандардың барлығы тест тапсырды, нәтижелері теріс», - деп хабарлады сейсенбі күні Теміртау әкімінің баспасөз қызметінен.
Қала басшысының қызметі қазіргі таңда әкім орынбасары Мирас Құттыбайға жүктелген.
«Теміртау әкімдігінің аппараты штаттық режимде жұмыс жасап тұр», - деді баспасөз қызметінен.
Әкімдікте Әшімовтың ешкімге жұқтыруы мүмкін еместігін айтуда, себебі ол ауру тасымалдаушы болып жүрген кезде екі ай бойы барлық кездесулер мен жиналыстарды бейнебайланыс режимінде өткізген.
Қатысты сілтемелер
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24
-
Жоспарда Алтын Орда тарихы мен Жошы хан туралы фильмдер түсіру - Бектенов26 Сәуiр 2024, 14:09
-
Алматы облысында өрт сөндіру автосатысын сатып алуға Т587,5 млн жұмсау жоспарлануда26 Сәуiр 2024, 11:33
-
Шымкентте полиция қызметкерлерінің атын жамылған күдіктілер 10 жылға сотталуы мүмкін26 Сәуiр 2024, 11:23