Kaspi дүкенінен сатып алуға арналған Kaspi сыйлық сертификаты

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ- Сыйлық іздеп жүрсіз бе, не сатып алу керектігін білмейсіз бе? Kaspi.kz мобильді суперқолданбасында жаңа "Сертификаттар" сервисі пайда болды, оның көмегімен сіз қарапайым және әдемі сыйлықтар жасай аласыз.

Сертификат кез-келген жағдайға сәйкес келеді: туған күн, үйлену тойы, басқа маңызды оқиға немесе жақын адамыңызға тосын сый. Оны алушыға тікелей Kaspi.kz қолданбасында жіберуге  және оған әдемі құттықтау, тілектер жазсаңыз да болады.

Kaspi сертификатының жарамдылық мерзімі шектелмейді. Алушы Kaspi дүкеніндегі 8 миллионға жуық әр түрлі тауардың кез-келгенінен ұнайтын сыйлықты таңдай алады: кітаптар, музыкалық аспаптар, автомобиль тауарлары, зергерлік бұйымдар, киім, аяқ киім, аксессуарлар, спорттық тауарлар, балалар ойыншықтары, үй бұйымдары және тағы басқалар.

adimage