Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыруға бюджеттен Т97,5 млрд сұрауда

   Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ - Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыруға бюджеттен Т97,5 млрд сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
  «Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыру», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 - 15 757 392,8; 2024 - 20 054 625; 2025 - 20 505 819; 2026 - 20 621 153; 2027 - 20 622 974», - деп бюджет жобасында айтылған.
   Жалпы сома – Т97 561 963 800
   Жоба мақсаты - қылмыстарды уақтылы болдырмау, анықтау және ашуды қамтамасыз ету.
   «Міндеттер: 1. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі: 2024 жылы - 64%, 2025 жылы - 64,1%, 2023 жылы - 64,2%.
1.1. Қасақана кісі өлтіру құрбандарының саны, 100 000 адамға шаққанда: 2024 жылы – 2,4%, 2025 жылы – 2,3%, 2026 жылы – 2,2%.
1.2. Адам саудасының құрбандарының саны, 100 000 адамға шаққанда: 2024 жылы – 0,6%, 2025 жылы – 0,5%, 2026 жылы – 0,5%», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: Мадина Алимханова


adimage