Елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бес жылда Т1,3 трлн жуық қаражат жұмсамақшы

   Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ – Елімізде қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бес жылда Т1,3 трлн жуық қаражат жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 - 222 549 068,1; 2024 - 287 990 467; 2025 - 286 694 157; 2026 - 256 263 665; 2027 - 233 531 853», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т1 287 029 210 100.
Жоба мақсаты - қоғамдық тәртіпті нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ адамның және азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қайшы қолсұғушылықтардан қорғау. Есірткіні теріс пайдаланудың және олардың заңсыз айналымының өсуін төмендету, қоғам үшін есірткіні ең төмен қауіптіліктің деңгейіне дейін қолдануды қысқартудың реттілігі, Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесін одан әрі таратуға қарсы іс-қимыл жасасудың мемлекеттік және қоғамдық жүйесінің негізгі буындарын одан әрі қалыптастыру және нығайту және олардың тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау.
«Міндеттер: Көшелерде, басқа қоғамдық орындарда сенімді құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілер мен жеке тұлғаларды күзетуді қамтамасыз ету. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды қорғау, сарапшылар мен аудармашыларды тарту арқылы қылмыстық істерді тергеудің толықтығын қамтамасыз ету. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда және мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерде жасалатын құқық бұзушылықтардың уақтылы алдын алу және жолын кесу», - деп жобада жазылған.
Сонымен қатар міндеттер бойынша, қылмысқа қарсы іс-қимылдарда алдын алуды құрайтындарды ұлғайту және атыс қаруымен және жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар санын төмендету.
«Ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы ұлттық ұланы бөліністерінің қорғаныс қабілеттілігін, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын арттыру, ІІО қызметкерлерінің дағдарыстық жағдайдың жолын кесуде білім, іскерлік пен дағдылар алуы. Материалдық техникалық жабдықтауды жақсарту. 1. Алынған есірткі заттары мен психотроптық заттардың жалпы санымен алғанда синтетикалық (қауіпті) есірткінің үлес салмағы: 2024 жылы - 1,7%, 2025 жылы - 1,8%, 2026 жылы - 1,9%, 2. Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы: 2024 жылы – 11,1%, 2025 жылы – 11%, 2026 жылы - 10,9%, 3. Құпия, 4. Құпия, 5. Құпия, 6. Құпия», - деп міндеттерде айтылған.

Фото көзі: Мадина Алимханова


adimage