«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Қазақстан Республикасы үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 10 490 842,3; 2024 жыл - 3 196 862,5; 2025 жыл - 17 017 643,6; 2026 жыл - 0; 2027 жыл - 0», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т30 705 348 400.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасына сәйкес, шығыстар вакциналарды сатып алуға, сондай-ақ «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге көзделеді.
Мақсаты – елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың таралуына жол бермеу, адам папилломасы вирусымен зақымдану деңгейін төмендету, ауыл халқына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру болып табылады.
Фото көзі: pixabay.com