Бейсенбі күні Астанада, Шымкентте және 12 облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Астанада, Шымкентте және 12 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Астана қ.: 18 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген сәрсенбідегі дауылды ескертуде.
18 сәуірде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 18 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 18 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
18 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 18 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«18 сәуірде түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 18 сәуірде түнде аздаған жаңбыр жауады», - делінген хабарда.
18 сәуірде түнде Қарағанды облысының орталығында, шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 18 сәуірде түнде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
«18 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с», - делінген хабарда.
18 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.
«18 сәуірде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 18 сәуірде жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады.
18 сәуірде түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай к.: 18 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
«18 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с», - деп хабарлады «Қазгидромет».
18 сәуірде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ: 18 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«18 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 19-20 сәуірде күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 18-20 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 18 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. 18-20 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, 18-19 сәуірде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
18 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 18 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Фото көзі: Ашық дерек көздерінен


adimage