Қазақстанның 12 қаласында жылу желілері 60% тан 91% дейін тозған – ҚР ӨҚМ

   Астана. 10 мамыр. ҚазТАГ- Валентина Владимирская. Қазақстанның 12 қаласында жылу желілері 60% тан 91% дейін тозған, деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
   «2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 12 қаланың жылу желілері 73% тозғаны анықталды. Үкімет бұл қалалардың жылу желілерін «қызыл аймаққа» жатқызған»,-деді Шарлапаев жұма күні үкімет отырысында.
   Оның айтуынша: Екібастұз – 91%, Павлодар – 83%, Степногорск – 82%, Атбасар – 76,5%, Петропавл-74%, Арқалық – 68%, Рудный – 68%, Ақтау-71%, Теміртау – 67%, Кентау - 65% , Риддер – 59,5%.
  Алдағы жылыту маусымының үздіксіз өтуі мақсатында 12 қалада 47,2 км жөндеуге 33 млрд теңге бөлінді.
  «Сонымен қатар, 90 км жылу желілерін жаңғыртуға 46 млрд теңгеге жуық қосымша қажеттілік бар», – деп атап өтті Шарлапаев.

Фото көзі: istockphoto.com


adimage