Қазақстандықтар мамыр мерекелерінде қатарынан 4 күн демалады

Алматы. 20 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандықтар мамыр мерекелерінде қатарынан 4 күн демалады,  деп хабарлады ҚР халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінен (ХӘҚЕМ).  
«ҚР үкіметінің 2017 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысымен   (…) демалыс күні сенбі 5-нен сейсенбі 8 мамырға ауыстырылған», - делінген жұмада ҚазТАГ сауалына ХӘҚЕМ берген жауабында.  
Нәтижесінде қазақстандықтар 4 күн - 6-9 мамырға дейін демалады.  
«Осылайша ағымдағы жылдың мамырындағы демалыс күндерін жылжыту есебінен бес күндік жұмыс аптасында -11 күн, алты күндік жұмыс аптасында -8 күн демалады», - деді ведомстводан.
Еске салсақ, демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыру ҚР Еңбек Кодексінің 85 б.3т. сәйкес жүзеге асырылады.  
7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушылар күні, 9 мамырда – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні аталып өтеді.  

adimage