Қазақстандықтар мамыр айында 3 күн демалады

    Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ- Қазақстандықтар мамыр айында 3 күн демалады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
   "Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын", – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығында.
   Осылайша қазақстандықтар 7, 8 және 9 мамырда қатарынан демалады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage