Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады

    Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ- Валентина Владимирская. Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады, деп хабарлайды ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
   "Жыл сайын елімізде мас жүргізушілердің кесірінен шамамен 500 көлік апаты тіркеледі. Салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, 600 адам түрлі дене жарақатын алады»,- деп мәлімдеді сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха.
   Оның айтуынша, 6 жылда яғни 2018-2023 жылдары көлікті мас күйде жүргізудің 148 мың дерегі тіркелді. Былтыр мұндай 22 мың дерек анықталды.
   «Меніңше, мас жүргізушілерді көлік басқару құқығынан айыру бойынша бұл шара керек. Мұнда 3 негізгі пікір бар. Біріншіден, егер адам рөлде ішпесе, оған заңда қандай санкция қарастырылғаны маңызды емес. Екіншіден, біз көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді айтып отырмыз. Мас жүргізушіледің кесірінен жақындары жол-көлік апатынан көз жұмған отбасылардан сұрайық, - деді Лепеха.
    Вице-министрдің сөзінше, шетелде рөлге мас күйде отырған азаматтардың көлігі тәркіленеді. Ал бізде бұл ұсыныс қолдау таппаған. Сондықтан мас күйде көлік жүргізгендерге жауапкершілік артуы тиіс.
   «Елімізде мас жүргізушілер кесірінен болатын көлік апаты азаймай отыр. 22 мың көлік апаты тіркелген. Негізінен деректер бұдан да көп. Бүгінде көлікті тоқтату ережесі күшейген. Яғни жүргізуші жол ережесін бұзбаса, біз оны тоқтатпаймыз. Егер біз басқа елдердегі сияқты арнайы рейд жүрсізсек, бұл дерек жоғары болуы да мүмкін», - деді вице-министр.

Фото көзі: shutterstock.com


adimage