Қазақстанда қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жартысы 1 жасқа дейінгі балалар

   Астана.28 қараша.ҚазТАГ- Валентина Владимирская. Қазақстанда қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жартысы 1 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
   «Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, оның ішінде – 15 бала 1 жасқа дейінгі балалар»,- деді сейсенбі күні үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
   Оның айтуынша, стационарлық емдеуде 2375 бала бар. Төсектерге жатқызу 59,5% пайызға жетіп отыр. Резерв 1093 орын. Емдеуге жатқызу Жамбыл облысында 92 пайыз, Алматы қаласында 88,2 пайыз, Түркістан облысында 81,7, Шымкентте 79,2 пайыз.
   Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында 1 жастан 6 жасқа дейінгі 600 мыңнан астам бала жоспарлы иммундаумен қамтылыпты, бұл - вакцинацияланатындардың 84%-ы.

adimage