Қазақстанда 12 жол қозғалысына шектеу қойылды

   Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ- Республикалық маңызы бар 12 жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметі.
   «Халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Қостанай, СҚО облыстарындағы 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6 725 метрді қамтитын су тасқыны болды. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО өңірлеріндегі ұзындығы 720 шақырым болатын республикалық маңызы бар 12 автокөлік жолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   «Ақмола облысында «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 377-440 шақырымы, «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 440-536 шақырымы учаскелерін айналып өту үшін жергілікті полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қара жол арқылы альтернативті маршрут ұсынылып, көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолының 3-92 шақырымы жабық учаскесін айналып өту үшін «Қандыағаш-Темір-Кеңқияқ-Жағабұлақ-Жем» аудандық тасжолының 235-шақырымы арқылы альтернативті маршрут ұсынылды», – деді брифинг барысында «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
   Атырау облысында «Мұқыр-Құлсары» тасжолының 0-136 шақырымы жабық учаскесін айналып өту үшін «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тасжолының 377-512 шақырымы және «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайтөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» тасжолының 3-120 шақырымы арқылы альтернативті маршруттар ұсынылды. Қостанай облысында «Мариновка ауылына кіреберіс» тасжолының 0-9 шақырымы, «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 339-377 шақырымы, «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 555-729 шақырымы, осы жабық учаскелерді айналып өту үшін «Денисовка-Жітіқара» тасжолының 137-шақырымы арқылы альтернативті маршрут ұсынылды.
   «Солтүстік Қазақстан облысында «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 869-875 шақырымы, «Челябинск-Новосибирск» тасжолының 525-530 шақырымы, «Петропавл қаласын айналып өту жолы» тасжолының 3-8 шақырымы, «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 952-954 шақырымы, «Петропавл қаласын айналып өту жолы» тасжолының 11-14 шақырымы, «Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы» тасжолының 17-72 шақырымы, «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 729-768 шақырымы учаскелері жабық», – деді Сәкен Ділдахмет.
   Оларды айналып өту үшін басқа жолдар ұсынылды. Атап айтқанда, Тимирязево, Шал ақын, Ғ. Мүсірепов аудандарының тұрғындарына облыс орталығына дейін жету үшін «Волошинка-Сергеевка-Тмимрязево» республикалық маңызы бар тасжол арқылы жүріп, ары қарай Р-61 «Волошинка-Корнеевка-Рощинское» тасжолына түсіп, ол жақтан КТ-29 «Покровка-Корнеевка-Горное» тасжолымен А-16 «Жезқазған-Петропавл» жолы арқылы қалаға жетуге болады. «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 954-952 шақырымы учаскесінде үлкен жүк көліктер үшін полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қозғалыс қамтамасыз етіліп жатыр. Мамлютка, Жамбыл аудандары үшін Р-57 «Новокаменка-Петерфельд» республикалық маңызы бар тасжолы арқылы қалаға жетуге болады.
   Қазір республикалық жолдарда 794 техника мен 1 945 адам су тасқынының алдын алу бойынша жұмыс істеп жатыр.

Фото көзі: time.kz


adimage