«Төтенше жағдайлар министрлігі ел өңірлерін 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Кешенді іс-шаралар шеңберінде халықты және инфрақұрылымды көктемде өзендердің арнасынан асуына байланысты қауіптерден қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда»,- делінген хабарламада.
Қарағанды облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары аяқталды. Барлығы 180 инженерлік іс-шара жүзеге асырылды. 65 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылып, нығайтылды, өзендер арналарының 18-ден астам км су тасқыны қауіпті учаскелеріне санация жүргізілді, 26 км дренаждық және су бұру жүйелері тазартылды.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД және «Қазселденқорғау» қызметкерлері «Қазавиақұтқару» АҚ «Ми-8» тікұшағында су тасқыны қауіпті және көшкін учаскелеріне мониторинг жүргізді. Жақында қауіпсіздік мақсатында «Өскемен-Горная - Үлбі-Северное» автожолының учаскесінде көшкіндердің профилактикалық түсуі уақтылы жүргізілді, нәтижесінде 2090 текше метр қар түсті.
Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы 104 іс-шара іске асырылды, 31 іс-шара іске асыру сатысында. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен Ырғыз, Ойыл және Қобда аудандары қаралды. 2025 жылғы су тасқынына дайындық мақсатында инженерлік жұмыстар жоспарын орындауға ерекше назар аударылды.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы 90 іс-шара орындалды, 19 іс-шара бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың, «Қазсушар» және «Қазгидромет» РММ өкілдерімен бірлесіп облыстың Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, Есіл аудандары мен Петропавл қаласын аралап шықты.
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Теректі, Ақжайық, сондай-ақ Бәйтерек аудандарында Жайық өзенінің бойында орналасқан қорғаныс бөгеттерінің жай-күйіне тексеру жүргізілді. Жұмыстар 2024 жылғы инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде орындалды.
Фото көзі: Пресс-служба МЧС РК