Қазақстан ІІМ интернет-алаяқтықтың көп тараған түрлерін атады

Aстана. 2 тамыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Қазақстанда интернет-алаяқтықтың ең көп тараған түрлерін атады.
Ең көп тараған интернет-алаяқтықтың түрлері:
- жалған интернет-жарнамалар арқылы жоқ тауарды немесе қызметтерді сату, ондағы басты талап тауарды алғанға дейін толық немесе ішінара төлем жасау;
- ақшаларды көбейту деген желеумен түрлі жобаларға, ойындарға ақша салу;
- банк қауіпсіздігі қызметкерлерінің-міс өтініші бойынша басқа шотқа ақша аудару;
- азаматтардың өз жеке мәліметтерін басқаға беру, немесе оларды фишингтік сайттарға енгізу, нәтижесінде қаскөйлер азаматтардың жеке кабинетіне кіреді, банктердегі шоттарына кіреді, сосын шоттардағы ақшасын шешіп алады, несие рәсімдейді, тауар сатып алады және ұрланған немесе жоғалған құжаттар арқылы микрокредит ұйымдарының интернет-сайттарынан займ рәсімдейді.
Жыл басынан бері, Әділовтың айтуынша, қаржы пирамидасы туралы 330 қылмыстық іс тіркеліп, оның 177-сі сотқа жолданған. 62 адам тергелуде, оның 55-і сотталған.
Өндірістегі қылмыстық істер бойынша зардап шеккендердің жалпы саны, қаржы пирамидасы бойынша – 19 мыңнан астам, келтірілген шығын – Т21 млрд. астам.
«Бүгінгі таңда ішкі істер органдары интернет-алаяқтықтың басқа түрлерін тіркеген жоқ», - деді ҚазТАГ ХАА сауалына жауап берген Әділов.

adimage