Астананың бір ауданын мерекелік шараларға безендіруге Т1,1 млрд жұмсамақ

Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – Астана қаласы Есіл ауданын мерекелік шараларға дайындау және безендіру қызметтеріне Т1,1 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы - елді мекенді/ауданды/қаланы мерекелік және басқа шараларға дайындау/безендіру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы - ауданды мерекелік және басқа да шараларға дайындау/безендіру қызметтері; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т1 145 535 714,29», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 31 мамыр мен 15 маусым аралығында өтеді.

Фото көзі: pixabay.com


adimage