Астанада ұсталған көліктерге арнайы тұрақ салуға Т975 млн-ға жуық жұмсауды жоспарлап отыр

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Астана қаласында ұсталған көліктерге арналған арнайы тұрақ салуға Т975 млн-ға жуық қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Астанада ұсталған көліктерге арналған арнайы тұрақ салу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т974 695 241», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 14 ақпан мен 19 ақпан аралығында өтеді.

Фото көзі: kazpravda.kz


adimage