Астанада бірқатар қалалық автобустар бағыты уақытша өзгереді

Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ – Астанада бірқатар қалалық автобустар бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлады City Transportation Systems (CTS) баспасөз қызметінен.
«Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты №26, 27, 40, 42, 50, 51, 53, 61, 66 бағытындағы автобустардың қозғалыс бағдары уақытша өзгереді», – делінген бейсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, 19-24 сәуір аралығында Тұран даңғылы Сығанақ көшесінен Орынбор көшесіне дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ішінара жабық болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта жүзеге асырылады (қаладан әуежайға қарай).

Фото көзі: CTS баспасөз қызметі


adimage