«Тапсырыс беруші – «Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ; атауы - автомобиль жолдарын салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Қарағанды қаласында Тәттімбет көшесінен Шығыс айналма жол а/ж дейінгі учаскеде Мұқанов көшесінің бойында автомобиль жолын салу; саны - бір; өлшем бірлік – жұмыс; жоспарлы сома - Т7 860 793 718», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 5 қаңтарда басталып, 20 қаңтарға дейін жалғасады.
Фото көзі: asfalt-kachestvo.ru