Алматыда мәйітханада некрофилия жасады деген күдікті әділет органдарында жұмыс істемейді

    Алматы. 10 мамыр. ҚазТАГ- Алматыда мәйітханада некрофилия жасады деген күдікті әділет органдарында жұмыс істемейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   «Бұл азамат сот-сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасында тұрмайды. Яғни, ол әділет органдарының қызметкері емес», - деді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
   Алматы қаласы ПД Әуезов ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 314-бабы 2-бөлігі бойынша 1980 жылы туған азаматқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Шартқа сәйкес, мәйітхананы қорғауды „Аят Секьюрити“ ЖШС жүзеге асырды, бұл азамат аталған ЖШС атынан мәйітхананың күзетшісі болып жұмыс істеген.

adimage