Алматыда емхана құрлысына Т7,7 млрд-қа жуық жұмсамақ

Алматы. 12 ақпан. ҚазТАГ – Алматы қаласында 500 келушіні қабылдайтын емхана салу бойынша жұмыстарға Т7,7 млрд-қа жуық қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Алматы қаласы құрылыс басқармасы» КММ; атауы - тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Құрамыс» ықшам ауданы мекенжайында 500 келушіні қабылдайтын емхана салу (сыртқы инженерлік желілерсіз); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т7 663 760 628», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 13 ақпанда басталып, 18 ақпанға дейін жалғасады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage