Алматыда бір аудан мен бір шағын аудан бойынша әлеуметтік нысандар үшін сыртқы желілерді салуға Т2,2 млрд астам жұмсамақ

Алматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматыда бір аудан мен бір шағын аудан бойынша әлеуметтік нысандар үшін сыртқы желілерді салуға Т2,2 млрд астам жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Алматы қаласы құрылыс басқармасы» КММ; атауы - инженерлік желілерді салу (құрылыс) бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Құрамыс шағынауданы, Наурызбай ауданы, Алматы қаласы мекенжайы бойынша әлеуметтік нысандар үшін сыртқы желілер салу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т2 247 986 103», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 24 қыркүйекте басталып, 9 қазанға дейін жалғасады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage