«Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі» экспозициялық контентті дайындауға Т390 млн астам жұмсайды

Астана. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – «Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі» экспозициялық контентті дайындау бойынша жұмыстарға Т390 млн астам жұмсайды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК; атауы - экспозициялық-көрмелік контентті дайындау бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - «Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің» КМҚК музей залдарының экспозициясы; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т390 491 071,43», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 10 қыркүйек пен 17 қыркүйек аралығында өткен.

«Бекітілген тақырыптық-көрмелік жоспарға, көркемдік дизайнға (3D жоба), жұмыс жоспарына және сметаға сәйкес жұмыстарды жүргізу; орындаушының сапалы материалдарды сатып алуы және қолдануы; тапсырыс берушінің алдын ала келісуі бойынша орындалатын жұмыстардың реттілігі; көркем безендіру және тақырыптық көрмені құру жұмыстары орындаушы өз құрал-жабдықтарымен және тағы басқа жұмыстарды орындауға міндетті; реэкспозициялық жұмыстар аяқталғаннан кейін орындаушы құрылыс қалдықтарын шығаруға міндетті», - деп жұмыстың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Жеңімпаз – «Penopro» ЖШС.

Фото көзі: 2gis.kz


adimage