Алматы. 17 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті», - делінген хабарда.
Салтанатты рәсімге қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Гүл шоқтарын қойғаннан кейін іс-шараға қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, құран бағыштады.
16 желтоқсанда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткен еді.