«Алматы-1» базарын жаңғырту жұмыстарына жеке инвестициялардың жалпы сомасы 7,3 млрд теңгеден асады

   Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ- «Алматы-1» базарын жаңғырту жұмыстарына жеке инвестициялардың жалпы сомасы 7,3 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.
   «Жалпы, кешенге азық-түлік және киім-кешек базарлары, жалға алушыларға арналған ойын алаңдары, мейрамханалар, әкімшілік бөлім, халыққа қызмет көрсетуге арналған басқа да аймақтар, тиеу-түсіру кіреберістері, жер асты паркингі кіреді. Жеке инвестициялардың жалпы сомасы 7,3 млрд теңгеден асады»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
   Ақпаратқа сүйенсек, «Алматы-1» базары 1938 жылдан бастап жұмыс істейді. Ауданы 7 мың шаршы метр.
   Базарды жаңғырту аясында саудагерлер мен келушілер үшін соның ішінде тез бұзылатын өнімдерді сақтауға және жылумен қамтамасыз етуге арналған тоңазытқыш камералары үшін қолайлы жағдай жасалады. Сондай-ақ жобада лифттер, эскалаторлар, жер асты және жер үсті автотұрақтар, мейрамхана ауласы, жаяу жүргіншілер аймағы және т.б. көзделген.

Фото көзі: Пресс-служба акима Алматы


adimage