Алдағы үш күнге Алматыда орталық көшелердің бірінің учаскесі ішінара жабылады

Алматы. 14 маусым. ҚазТАГ – Алдағы үш күнге Алматыда орталық көшелердің бірінің учаскесі ішінара жабылады, деп хабарлады «Алматы жолдары» баспасөз қызметінен.
«Жол-Жөндеу жұмыстарына байланысты Наурызбай батыр көшесінде Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін 14 маусым сағат 23.00 – 17 маусым 6.00 дейін жол жабық болады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Қала тұрғындары мен қонақтарына өз бағыттарын алдын-ала ойластыру ұсынылды.

adimage