Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан аудандық мәслихат депутаты қаза тапты

   Ақтөбе. 10 мамыр. ҚазТАГ- Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан аудандық мәслихат депутаты қаза тапты, деп хабарлайды ҚазТАГ.
  «Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Оның ішінде 45 жастағы ерлі-зайыпты мен 28 жастағы аудандық мәслихат депутаты»,- делінген хабарламада.
  9 мамыр күні Самара-Шымкент тас жолында бір бағытта келе жатқан "ВАЗ" көлігі мен MAН жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

adimage