АҚШ Қазақстанға визасыз режим ұсынуға дайын емес – елші

Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ – АҚШ Қазақстанға визасыз режим ұсынуға дайын емес, деп мәлім етті АҚШ елшісі Уильям Мозер.
«Мен, қазір біз Қазақстанға визасыз режим ұсынуға дайын емеспіз деп ойлаймын, себебі бұл ұзақ және қиын процесс. Пандемия – бұл мәселені талқылайтын ыңғайлы сәт емес. Себебі қазір виза бойынша шектеулер өте көп», - деді Мозер сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Ал АҚШ Ресейдегі елшілігінің жабылуына байланысты Қазақстанда елшілік бөлімдерін кеңейтуді жоспарлап жатқан жоқ па деген сұраққа ол ондай мүмкіндік жоқ емес деп жауап берді.
«Егер елшілікке деген сұраныс белгілі бір масштабқа дейін ұлғайтылса, онда біз Қазақстанда визаларды бұдан да жақсырақ дайындау үшін қызметкерлеріміздің санын көбейтуіміз мүмкін. Әзірге біз осындай масштабта жұмыс жасаймыз», - деді елші.

adimage