Ақмолалық аңшы инспектордың өліміне күдікті әкесі мен баласы Қостанай облысында ұсталды

Астана. 24 шілде. ҚазТАГ – Ақмолалық аңшы инспектор Қаныш Нұртазиновтың өліміне күдікті әкесі мен баласы Қостанай облысында ұсталды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Жүргізілген шұғыл-іздестіру шаралары кешенінің нәтижесінде Ақмола облысы ПД қызметкерлері аңшылық шаруашылық қызметкерлеріне шабуыдлаған күдіктілерді ұстады. Белгілі болғандай, 45 жасар күдікті мен оның 20 жасар ұлы, екеуі де Арқалық қаласының тұрғыны, полициядан жасырынып, көліктерінен құтылғысы келген, алайда ақмолалық полицейлердің шұғыл әрекет етуінің арқасында олар Қостанай облысының аумағында ұсталды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, 23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК екі инспекторы жарақат алды. Олардың біреуі ауруханаға жеткізілгенге дейін көз жұмған.
Кейін Ақмола облысы полиция департаментінде хабарлағандай, арнайы құрылған шұғыл-тергеу тобы күдіктілерді ұстау бойынша шаралар кешенін жүргізуде. Полицейлер шұғыл ұстау жоспарын енгізді, Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылған, күдіктілердің көлігіне қатысты ақпарат патрульдік қызметтің барлық жасағына берілді, Жарқайың және көрші аудандардың аумағына 10 блокбекет орнатылды
Сейсенбі күні кешкісін ІІМ адам өлімі дерегі бойынша тергеу ведомство басшылығының бақылауында екенін, және ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың тапсырмасы бойынша Ақмола облысындағы инспекторларға шабуыл жасау ісін ашу үшін криминалдық полиция департаментінің орынбасары бастаған ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінің тобы жөнелтілгенін мәлімдеді.


adimage