2019 жылы Қазақстанда 50-ге жуық журналист ұсталып, 17-не шабуыл жасалды

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – 2019 жылы Қазақстанда 50-ге жуық журналист ұсталып, 17-не шабуыл жасалды, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
«Тіркелді (2019 жылы – ҚазТАГ): ұсталды – 46 журналист; журналистер мен БАҚ-ты қорқыту – 10 дерек; журналистерге шабуыл – 17», - деп хабарлады дүйсенбіде қордан.
Сонымен қатар қылмыстық тәртіпте журналистер мен БАҚ-қа қатысты айыптаулар бойынша да ақпарат келтірілген: жала жабу мен ғайбаттау – 26; әдейі жалған ақпар тарату – жеті; алауыздық тудыру – бес; тыйым салынған ұйым қызметіне қатысу – жеті; билік өкіліне қатысты күш қолдану мен жәбірлеу – үш.
«ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметі бойынша: 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР ҚК 174 бабы бойынша (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) 24 іс аяқталды. Олардың ішінде: 18 іс бойынша үкім шығарылды; біреуін қарау тоқтатылды. Қамауға алынғандар – 26 адам. Олардың ішінде сотталғаны 19 адам, ақталғаны үшеу», - деп келтірілген «Әділ сөз» ақпараты.
Хабарда атап өтілгендей, 2019 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша СТБТ-де ҚР ҚГК 174 бабы бойынша 68 іс тіркелді. Сотқа 59 құқықбұзушылық  бойынша іс жолданған.
«Азаматтық тәртіптегі айыптаулар – 73. Олардың ішінде ар- намысын, қадір-қасиетін және іскери беделін қорғау туралы талап-арыздар – 66. Моралдық шығынды өндіру туралы мәлімделген сома – Т101,5 млн. моралдық шығын бойынша өндірілген сома – Т9,415 млн. БАҚ-қа талап қойған авторлар: мемқызметкерлер – 22, заңды тұлғалар – 22, азаматтар – 22. Шығарылған сот шешімдері – 76 (соның ішінде 21 – апелляцияда, 4 – кассацияда). Оның ішінде БАҚ пен азаматтардың пайдасына – 45 іс шешілді. Әкімшілік тәртіптегі айыптаулар – 17», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 2019 жылдың 22 шілдесінде Алматыдағы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюрода аналарды қудалау туралы баспасөз конференциясында журналистерге шабуыл жасалды. Сол баспасөз конференциясында көпбалалы ана Оксана Шевчук (кейін  Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымына қатысы бар-мыс деп бір жылға бас бостандығы шектелген) пен оның адвокаты Ғалым Нұрпеисов сөйлеу керек болған еді. Журналистерге шабуыл жасалды, баспасөз мәслихаты болған жоқ, ҚазТАГ ХАА қызметкерлерінің құрал-жабдықтары тартып алынып, «Алматы» және «Азаттық радиоларының» журналистерінің камералары толығымен сындырылды. Полиция шақыртылды, олар тәртіп бұзушыларға қарсы ешқандай шара қолданған жоқ. Қылмыскерлер әлі күнге дейін ұсталмады.

adimage