Үш қазақстандық ескекші Токио олимпиадасының ширек финалына шықты

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Үш қазақстандық ескекші Токио олимпиадасының ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Токиода байдарка мен каноэ есуден сайыстар басталды. Әйелдер арасында 200 м қашықтықта байдаркада есу бойынша қазақстандық Наталья Сергеева қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ол тиісті қашықтықты 46, 657 уақытта бағындырып, алтыншы орынға тұрақтады. Нәтижесінде, қазақстандық атлет ширек финалда өнер көрсетеді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
ҰОК атап өткендей, алғашқы екі орын жартылай фналға, соңғы төрт орын ширек финалға өтуге жолдама береді.
«Турнир аясында ерлер арасында 1 мың қашықтықта байдаркада есу бойынша турнир аяқталды. Қазақстанның атына ағалы-інілі Сергей мен Тимофей Емельяновтар қатысты. бірініш айналым бойынша қазақстандықтар төртінші орынға тұрақтады, уақыт көрсеткіштері 3:49.079. Осылайша, Емельяновтар турнирдің ширек финалына қатысады», - делінген хабарда.

adimage