«Қазавиақұтқару» тік ұшағы ауа райыныың қолайсыздығынан Тянь-Шаньда альпинистерді іздестіруге ұшып шыға алмауда

Астана. 21 тамыз. ҚазТАГ – «Қазавиақұтқару» тік ұшағы ауа райының қолайсыздығынан Тянь-Шаньда альпинистерді іздестіруге ұшып шыға алмауда, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» МИ-171 борты әскери альпинистер тобымен қазіргі таңда «Қарқара» альпинистер лагерінен ұшып шығып, іздестіру жұмыстарына кірісе алмауда. Оған себеп - ауа райының қолайсыздығы. Тауда тағы да қар жауып тұр. Күннің ашылуын күтеміз», - деп мәлімдеді сәрсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Еске салсақ, 19 тамызда белгілі болғандай, Қазақстандық әскерилер Қырғызстан тауларында жоғалған қазақстандық альпинистер – Мұрат Өтепбаевты, Андрей Корнеевті, Александр Чечулинді іздестіру бойынша құтқару операциясын бастаған. Андрей Чечулин, алдын-ала болжам бойынша, өкпесі ісіп қайтыс болуы да мүмкін. Құтқарушылар тобында белгілі альпинист- капитан Мақсұт Жумеев бар. Сонымен қатар майор Аманжол Рахметов те жүр. Операцияға аға лейтенант Василий Пивцов жетекшілік етуде.
ҚР СІМ хабарлағандай, Қырғызстан мен Ресей альпинистері де Тянь-Шань тауларынан қазақстандықтарды іздестіруге қосылған.
Сонымен қатар ҚР қорғаныс министрлігі ауа райының қолайсыздығынан Тянь-Шаньда қазақстандық альпинистерді іздестіру жұмыстарының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған еді. Қазақстанның әскери альпинистер тобы қорғаныс ведомствосының ақпарынша, 19 тамызда толық құрамда 2,2 мың м. биіктіктегі базалық лагерьге қайта оралып, ауа райының жақсаруын күтулеріне тура келген.
20 тамыз күні сағат 08.57-де ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» Ми-171 борты Алматы облысы Қарқара альпинистік лагерінен іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қырғыз Республикасына ұшып шықты. Тік ұшақ бортында үш әскери альпиинист бар, олар Чаркудык базасына дейін жеткізіледі. Ары қарай жаяу жолмен көтеріледі. Іздестіру жұмыстарына қырғыз альпинистерінің тобы қосылады
Кейін хабарланғандай, қазақстандық әскерилер Қырғызстандағы Жеңіс шыңын шолып шыққан. 20 тамыз күні кешкісін әскерилер Тянь-Шаньда қазақстандық альпинистерді іздестіру аумағын анықтағандарын, олар 20 тамызда тағы да ұшып қарап шығатындарын айтқан. Сол кезде «әзірге ауа райының қолайлы» екені хабарланған еді.
20 тамыз күні кешкісін Алматы альпинизм федерациясы Тянь-Шаньда жоғалған қазақстандық альпинистерді тірілей табу мүмкіндігінің жоғын мәлімдеді.


adimage