"Алматы полиция басшысының әйеліне Lexus сыйлау" хабарламасы бойынша қылмыстық іс басталды

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Алматы қаласы полиция департаменті (ПД) бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев өзінің бастығы- қаланың ПД басшысы Арыстанғали Заппаровтың жұбайына Lexus LX 600 автокөлігін сыйға тарту хабарламасы бойынша қылмыстық іс басталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

"Бұл ақпарат (сыйлық туралы – ҚазТАГ) шындыққа жанаспайды. 28 қаңтарда А. Р. Заппаров әлеуметтік желіде өзінің атына қатысты жарияланған ақпаратты ресми түрде теріске шығарды. Осы факті бойынша Алматы ҚР ҚК 247-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының сұрауына берген жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 27 қаңтарында "Лексус LX 600" басшының жұбайы үшін: полицейлер бір-біріне не сыйлайды» деген тақырыппен "Республика" басылымы материал жариялаған болатын. Материалда Алматы қаласы бойынша полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың жұбайына құны шамамен 100 мың болатын жаңа Lexus LX 600-ді көпшілік алдында сыйға тартты-мыс деп жазған. Заппаровтың өзі кейін Ұзабаевтан әйелінің мұндай қымбат сыйлық алмағанын жеткізді.

Айта кетейік, ҚазТАГ аталған тақырыпқа қатысты ІІМ-ден басқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке де сауал жолдады – ведомствоның жауабын ҚазТАГ 4 ақпанда жариялады.

adimage