Жыл басындағы БАҚ-қа қатысты қатал қуғын-сүргін 2019 жылдың соңында жұмсарды – қор

Алматы. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Жыл басындағы БАҚ-қа қатысты қатал қуғын-сүргін 2019 жылдың соңында жұмсарды, деп санайды «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Қалеева.
«2019 жылдағы сөз бостандығына қатысты жалпы жағдайды өтпелі кезеңге тән болды деп сипаттауға болады. Жылдың алғашқы бірінші жартыжылдығындағы қатал қуғын-сүргіндер екінші жартыжылдықта жұмсарды, бұл әсіресе жыл соңында байқалды», - деп санайды Қалеева.
Өз пікірін растау үшін ол келесідей мысалдар келтірді. Мәселен, 2019 жылдың 21 тамызында Қауіпсіздік кеңесінің (ҚК) төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының отырысында шындықты бұрмалайтын жаңа медиалардың саны артып келетінін айтып, партияны жала жапқаны үшін жазаны күшейтетін заң қабылдауға бастама жасауға шақырды. Ал желтоқсанда – Қазақстанның Әмбебап мерзімдік шолуын қорғағаннан кейін (БҰҰ-да адам құқығының қорғалуы туралы – ҚазТАГ) ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жала жабуды қылмыс деп танымау туралы өз шешімін жариялады.
«Биліктегі жоғары мемлекеттік органдар БАҚ-қа бақылауды күшейтуді және бақылауды сақтауға тырысуда, бірақ реттелмейтін және үлкейіп бара жатқан еркін пікірлер алаңымен және халықаралық қоғамдастық қысымымен санасуға мәжбүр», - деп санайды «Әділ сөз» басшысы.
Бұдан бөлек қор жасаған 2019 жылы Қазақстандағы сөз бостандығы құқығының бұзылуы туралы есепте 2019 жылы журналистер мен блогерлерді ұстаудың 32 жағдайы, қамауға алу, бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеудің 17 жағдайы, шабуылдаудың сегіз жағдайы, қорқытудың 10 дерегі, негізсіз бұғаттау мен желілік басылымдарға қол жетімділікті шектеудің 23 жағдайы, журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтірудің 46 жағдайы, қылмыстық тәртіпте айыптаудың 48 жағдайы тіркелген.
Еске салсақ, 2019 жылдың 22 шілдесінде Алматыдағы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюрода аналарды қудалау туралы баспасөз конференциясында журналистерге шабуыл жасалды. Сол баспасөз конференциясында көпбалалы ана Оксана Шевчук (кейін Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымына қатысы бар-мыс деп бір жылға бас бостандығы шектелген) пен оның адвокаты Ғалым Нұрпеисов сөйлеу керек болған еді. Журналистерге шабуыл жасалды, баспасөз мәслихаты болған жоқ, ҚазТАГ ХАА қызметкерлерінің құрал-жабдықтары тартып алынып, «Алматы» және «Азаттық радиоларының» журналистерінің камералары толығымен сындырылды. Полиция шақыртылды, олар тәртіп бұзушыларға қарсы ешқандай шара қолданған жоқ. Қылмыскерлер әлі күнге дейін ұсталмады. Халықаралық беделді Human Right Watch (HRW) құқыққорғау ұйымы аталмыш жағдайды әлемдегі адам құқығына қатысты жағдай туралы өзінің жыл сайынғы баяндамасына енгізді.
2020 жылдың 29 қаңтарында адвокат Айман Омарова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматы мен Нұр-Сұлтандағы журналистерге шабуыл жасалу ісін өз бақылауына алуды сұрады.

adimage