3 тамыздан бастап ҚР-да коронавируспен күресіп жүргендер үшін үстемеақының жаңа жүйесі күшіне енеді

Астана. 28 шілде. ҚазТАГ – Максим Елизаров. 3 тамыздан бастап ҚР-да коронавируспен күресіп жүргендер үшін үстемеақының жаңа жүйесі күшіне енеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«COVID-19 коронавирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған жұмысшыларға: қауіптің 1 -тобына 20 АЕК, 2 -тобына – 10 АЕК, 3 –тобына – 5 АЕК көлемінде үстемеақы төленеді», - делінген Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің 2020 жылғы 23 шілдедегі №471 қаулысында.
Хабарда атап өтілгендей, қаулы 3 тамыздан бастап күшіне енеді (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткесін) және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады. Үстемеақыны белгілеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы құзырлы орган анықтайды.

adimage