Қалай жазылуға болады


Оқырмандар назарына!

Электрондық нұсқадағы жаңалықтар агенттікпен келісімшартқа отырған жазылушыларға жіберіліп отырады. Сондықтан ҚазТАГ-тың www.kaztag.kz сайтында жаңалықтардың тек тақырыбы ғана орналастырылады.

ҚазТАГ жаңалықтарын алғысы келетіндердің барлығына жазылу бөліміне келесідей телефондар арқылы байланысуды ұсынамыз:

Тел.: +7 (727) 261-19-24 / 33
Ұялы: +7 (777) 0177071
E-mail: [email protected]

Қалай ONLINE жазылуға болады
Online жазылу тұтынушыларға агенттіктің эксклюзивтік материалдарына қол жетімділік береді.

Ақы төлеуге халықаралық VISA және MasterCard төлем жүйелерінің төлем карточкалары қабылданады. Ыңғайлы және қауіпсіз төлем әдісін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Processing.kz» беріп отыр

Ол үшін сіздер қажет жолдарды толтырып, сайтта тіркелуден өтуіңіз керек.

Жазылу шарттары

Жазылу (www.kaztag.kz сайтында жарияланған материалдарға қол жетімділік қызметін беру) пайдаланушының келесідей шарттармен келіскен жағдайда рәсімделеді:

1) www.kaztag.kz сайтының «Тіркеу» бөлімінде берілген бекітілген форманы толық және дұрыс толтырған әр пайдаланушының жеке өзіне сайтқа кіруге рұқсат беріледі.
2) Пайдаланушы өзінің есепке алынған мәліметтерін басқаларға беруге құқығы жоқ.
3) Тіркелген пайдаланушы жазылған жағдайда ғана ашып оқуына болатын материалдарды алуға мүмкіндік беретін өзінің есепке алынғандығы туралы мәліметтерді құпияда сақтау бойынша барлық шараларды қолдануы керек.
4) Пайдаланушы жазылу мерзімінде ашып оқуына рұқсат етілген материалдарды көшіруге, таратуға, жариялауға, трансляциялауға немесе материалдарды басқаша пайдалануға және басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Бұл талапқа бағынбайтын жәйттер тек ҚР заңнамасы қарастырған және www.kaztag.kz сайтының «Құқықтық ақпарат» бөлімінде жарияланған «ҚазТАГ» агенттігінің материалдарын пайдалану ережелерінде көрсетілген жағдайлар ғана.
5) Жоғарыда көрсетілген шарттарының біреуін немесе бірнешеуін бұзған жағдайда сайтқа кіру бойынша қызмет көрсету тоқтатылады, есепке алу жазуы блокталады, ал Пайдаланушы агенттіктің бір айлық жазылу қызметінің сомасына тең сомадағы айыппұл төлеуге міндетті. Бұл ретте пайдаланушының қызмет үшін алдын-ала төлеген сомасы қайтарылмайды, бірақ айыппұлдың жалпы сомасынан шегеріледі.

Материал үшін ақы төлеу интернетпен төлем карталарының көмегімен есептесуге мүмкіндік беретін Processing.kz жүйесі арқылы жүргізіледі.

Төлем карталарымен онлайн-төлемді жүргізу реті:
1. Сіздің төлем картаңыздың интернетте төлем жүргізуге арналғанын тексеру қажет (ол үшін банк-эмитентпен байланысу керек);
2. Сайттың материал орналасқан бөліміне кіріп, «Ақы төлеу» кнопкасын басыңыз.
3. Сайт Сізді Processing.kz компаниясының ақы төлеу серверіне сілтеп жібереді;
4. Сіздің браузер мен ақы төлеу Processing.kz серверінің арасындағы байланыс қорғалған хаттама (SSL 3.0) бойынша жұмыс істейді. Браузердің адрестік жолағындағы адрес https://payment.processinggmbh.ch адресіне сай келетіндігін және осы бетке өткенде сіздің браузеріңіз қателік туралы ешқандай хабар бермегенін міндетті түрде тексеріңіз. Төлем парақшасында сіздің банктік картаңыздың мәліметтерін енгізіңіз, дәлірек айтқанда карта номерін, картаның пайдалану уақытының аяқталатын мерзімін, карта иесінің аты-жөні мен CVV2/CVC2 кодын (ескерту: CVV2/CVC2 сіздің картаңыздың теріс жағында басылған үш таңбалы код). Ешқандай жағдайда Processing.kz сізден PIN-код енгізуіңізді сұрамайды. Сіздің төлем картаңыздағы мәліметтерді енгізіп болған соң «Ақы төлеу» кнопкасын басыңыз, Processing.kz төлем сервері қабылдаған мәліметтерді алдын-ала өңдеуді бастайды. Ескерту: егер біздің жүйеміз сіздің картаның 3-D Secure бағдарламасына қатысатынын анықтаса, біз Сізді сіздің банк-эмитенттің арнайы серверіне бағыттаймыз. Онда сізге картаңыздың интернет-кілтін енгізуіңіз керек болады. Интернет-кілтіңізді енгізген соң, Сіздің банк-эмитент Сізді қайтадан біздің серверге жібереді және біз Сіздің картаңызды тануға банк жүйесіне сұрау саламыз;
5. Дұрыс авторланудан өткен соң біз Сізді қайтадан ақпараттық агенттік сайтына жібереміз. Сіз ол беттен төлемді дұрыс жасағаныңыз туралы растау аласыз. Аталған растауды міндетті түрде сақтаңыз немесе қағазға бастырып шығарып алыңыз. Ол даулы мәселені шешуде Сізге көмектеседі;
6. Егер өзіңіздің кім екендігіңізді дұрыс растамасаңыз біз Сізді ақпараттық агенттік сайтына қайтадан жібереміз. Онда сіз амалдың сәтті аяқталмағаны туралы хабарды көресіз.

Оның бірнеше себебі болуы мүмкін:
а. Картаңыздағы қаражат сомасының аздығынан;
б. Сіздің картаңызды шығарған банк деңгейінде блоктау немесе интернетте операция жасауға шектеу қою. (Амал жасауға тыйым салу себебін анықтау үшін Сіз өзіңіздің банкіңіздің call-орталығына қоңырау шалуыңызға болады);
в. Егер сіз банкте VbV/SecureCode бағдарламасына қатысуға жазылған болсаңыз және Сіз интернет-кілтті дұрыс енгізбеген болсаңыз, онда Сіздің банкіңіз сіздің сатып алғаныңызды танудан бас тартуы мүмкін.

Сізді авторлануда танудан бас тарту себебіне қарай сіз мәселені шешу үшін:
1. Төлем жасау әрекетін сәл кейін қайталауыңызға болады;
2. Мәселені түсіндіру үшін банк-эмитентке жүгінуіңізге болады;
3. Проблеманы банкпен шешу мүмкін болмаған жағдайда ақы төлеу әрекетін басқа банк берген картамен қайтадан жасап көруге әрекеттеніңіз.

Сіздің назарыңызды аударамыз: сайттан кез келген материалды сатып алуға жаратқан ақшаңыз қайтарылмайды!