Жамбыл облысында өзеннің қатты ағысы автомобильді шайып кетті

  Тараз. 24 маусым. ҚазТАГ- Жамбыл облысында өзеннің қатты ағысы автомобильді шайып кетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.
   "Маусымның 23-і күні сағат 23.25-де Шарбақты ауылынан 4 шақырым жерде жауын-шашынның жаууы салдарынан Ргайты өзенінің деңгейі күрт көтерілді.Оқиға кезінде оның жағасында 11 адам демалып жатқан. Нәтижесінде алты адам көлікте қалып, екінші көлікті қатты ағыспен шайып кеткен ", - делінген хабарламада.
  Адамдар құтқарылды, медициналық көмекке мұқтаж болмады. Оқиға орнына сегіз қызметкер мен 2 техника шықты.

adimage