Жұмада Қазақстанда жаңбыр жауады деп күтілуде

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ- Жұмада Қазақстанда жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
"Фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, екпінді жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады", – делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +11+13, күндіз +21+23.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз + 30+32.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады, найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +25+27.
Жамбыл облысында оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарда күн күркірейді, бұршақ, дауыл, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +37+32, түнде +17+22.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында 15-25 м/с жел күшейеді, оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау маңы аудандарында найзағай, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Күндіз +22+27 (батысында +30), түнде +16+21.
Қызылорда облысында орталығында, шығысында 15-20 м/с жел тұрады, күндіз облыс орталығында шаңды дауыл соғады, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +23+28, түнде +12+17 (солтүстігінде +9).
Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады, солтүстігінде, батысында, шығысында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді, найзағай, бұршақ, дауыл тұрады. Күндіз +15+20 (шығысында +24), түнде +8+13 (шығысында +16).
Қостанай облысында 15-20 м/с жел тұрады, солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде күн күркірейді, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +4+9 (оңтүстігінде +12).
Атырау облысында солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз +20+25, түнде +10+15.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз + 17+22, түнде +7+12 (оңтүстігінде +15).
Алматы облысында күндіз таулы аудандарда күн күркйрейді, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық күтіледі. Күндіз +30+35, түнде +14+19.
Шығыс Қазақстан облысында шығысында күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, Жарма ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +29+34 (шығысында +25), түнде +13+18 (оңтүстігінде +23).
Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күн күркіреді, 15-20 метр/секунд жел күшейеді. Күндіз +18+23 (батысында +15), түнде +8+13 (батысында +5).
Қарағанды облысында күндіз оңтүстігінде, орталығында күн күркірейді, облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жел күшейеді, оңтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі. Күндіз +21+26 (оңтүстік-шығысында +30+35), түнде +15+20 (батысы мен шығысында +7+12).
Павлодар облысында күндіз оңтүстігінде, шығысында күн күркірейді, ертеңгісін және күндіз солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық күтіледі, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +30+35 (батысында +26), түнде +14+19.
Маңғыстау облысында түнде солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +18+23 (оңтүстігінде +26), түнде +10+15.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +15+20 (оңтүстігінде +25), түнде +5+10 (оңтүстігінде + 13).
"Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы жекелеген тау өзендерінде жауын - шашын болжамына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін", - деп ескертті синоптиктер.

adimage