Жұма күні Маңғыстау облысында жаңбыр, тұман және күшті жел күтіледі

Ақтау. 2 сәуір. КазТАГ - Жұма күні Маңғыстау облысында жаңбыр, тұман және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«3 сәуірде Маңғыстау облысында түнде басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күн күркірейді. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage