Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Астана. 22 маусым. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз  ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн кркірейді, жел күшейеді,  деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін,  оңтүстік-батыстан, батыстан  9-14 м/с жел тұрып, екпіні 15-20 м/с жетеді, +23+25.
Алматыда құбылмалы бұлтты,  жауын-шашынсыз, +31+33.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан  облыстарында жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады,  екпіні 25 м/с дейін жетеді, жекелеген аудандарда дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы күндіз  +21+26. Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, +27+32 және +18+23, Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.  
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында  кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, +25+30 жне +37+32; Қарағанды облысының  жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.  
Алматы облысында жауын-шашынсыз, +31+36. Жамбыл облысында  да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +33+38. Түркістан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20м/с жел тұрады, +33+38. Қызылорда облысында кей жрлерде өткінші жаңбыр жауады,  күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, +34+39.
Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтілмейді, +31+36, +30+35 және +25+30, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында  15-20 м/с жел тұрады.  Ақтөбе облысында  күндіз жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұруы мүмкін, +25+30.  
Алматы, Жамбыл, Атырауда,   Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.  Маңғыстаудың көп бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі күтіледі
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерінде   су деңгейінің құбылуы күтіледі. «Көкбұлақ» ГП ауданындағы Сырдария өзенінде Қайраққұм су қоймасынан келетін судың артуына байланысты су деңгейінің ары қарай көтерілуі жалғасады. Жазықтық аумақтағы өзендерде гилдрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

adimage