Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде

   Астана.29 наурыз.ҚазТАГ- Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
    «Бүгін елдің басым бөлігінде күн райын орталығы Ақтөбеде орналасқан кең алқапты циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайтын болады. Осыған байланысты Қазақстан бойынша күн құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын жауып, солтүстік облыстарда қатты нөсерлетеді, елдің оңтүстік-шығысында да жаңбыр болжанады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстікте бұршақ жауып, солтүстік батыста жаяу бұрқасын соғады. Батыста, солтүстік батыста, солтүстікте көктайғақ болуы ықтимал», - делінген хабарламада.
  Астанада кей уақыттарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +3+5.
Алматыда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +14+16.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы +4+6, күндіз +13+15.
Ақмола облысында жаңбыр жауады. Күндіз +1+6, түнде -1+4.
Алматы облысының онтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз +12+17, түнде +5+10.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз +12,+17, түнде +4+9.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, облыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Күндіз +11+16, түнде +4+9.
Атырау облысында түнде шығыста қар жауады. Күндіз + 8+13, түнде -3 + 2.
Маңғыстау облысының солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ, қар жауады. Күндіз -3+2, түнде -3+2.

adimage