Әйтенов Шымкент әкімі болып тағайындалды (толық)

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Мұрат Әйтенов Шымкент әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар хабарланғандай, «мемлекет басшысының жарлығымен Айтаханов Ерлан Қуанышұлы Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды».
Бұған дейін 2019 жылдың желтоқсанынан бастап Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

adimage