Қыркүйек айында қазақстандықтардың алтын құймаларына деген қызығушылығы төмендеді-ҚР Ұлттық Банкі

    Астана. 19 қазан. ҚазТАГ-қазақстандықтар 2021 жылдың қыркүйегінде 108,3 кг өлшеуіш алтын құймасын сатып алды, деп мәлімдейді Қазақстан Ұлттық Банкі.
   "Қыркүйекте жалпы салмағы 108,3 кг 2578 өлшеуіш құйма (алтын – ҚазТАГ) сатылды", – делінген сейсенбіде таратылған хабарламада.
    Осылайша, қыркүйекте алтын құймалары тамыз айымен салыстырғанда 5% - ға аз сатып алынды.
     Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында қазақстандықтар 114 келіге жуық өлшеуіш алтын құймасын сатып алған болатын.
    Алтын құймалары бес сортта ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Салмағы 10 грамм құймалар неғұрлым танымал, олардың жалпы сату көлемінен үлесі Ұлттық Банктің деректері бойынша 29% - ды құрайды.
    Алтын құймаларды Қазақстанның 4 банкінде және кейбір банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады.


adimage