Транскаспий бағыты бойынша 2022 жылы қазақстандық жүк тасымалдау көлемі 891 мың тонна болды

    Астана.8 ақпан.ҚазТАГ- Транскаспий бағыты бойынша 2022 жылы қазақстандық жүк тасымалдау көлемі 891 мың тонна болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
   «2022 жылы жүк тасымалдау көлемі 2,5 есеге өсіп, 1,5 млн тоннаға жетті. Бұл ретте қазақстандық жүктер экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 6,5 есеге ұлғайып, 891 мың тонна болды»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Сонымен қатар, контейнерлерде 33,6 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ке артық.

adimage