«Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Исмаилов пен Дяк 2023 жылдың сәуірінен бастап ҚХА төрағасының орынбасары болған еді.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», - деп хабарлады Ақорда.
Буларов Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, ал Шин Қазақстандағы корей Қауымдастығын басқарады.
Фото көзі: Ақорда баспасөз қызметі