Астана. 2 маусым. ҚазТАГ – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі қылмыстық істердің тергелу барысы туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндалды. Бас прокурор Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті. Қазақстан Президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты.
«Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24