Түркістан облысында өгей шешесінің тістеуікпен жәбірлеуінен үш бала зардап шеккен – әкімдік

Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ – Үш кәмелетке толмаған апалы-сіңлілер өгей шешесінің жәбірлеуінен зардап шеккен, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 11 сәуірінде орта мектеп директоры аудандық білім бөліміне аталмыш мектепте оқитын үш апалы-сіңлілердің денесінде жарақаттар барын жеткізген. Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде аудандық полиция бөлімі ҚР 2б. 140 б. (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, балалар Жетісай орталық аудандық ауруханасында жатыр, қазіргі таңда олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
«Облыс прокуроры аталмыш істі өз бақылауына алды. Бүгін күдіктіге қатысты бұлтартпас шарасы таңдалатын болады», - делінген хабарда.
Бұған дейін ҚазТАГ білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, өгей шешенің зәбірінен бір баланың зардап шеккенін хабарлаған еді, одан «тістеуіктің, пышақтың іздері табылған».

adimage