Сейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты байқалатын болады, басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстігі мен орталығында күн күркірейді, жел күшейеді, батысында ғана жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +10+12.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде +7+9.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +7+9.
Жамбыл облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +14+19, түнде +5+10.
Түркістан облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 23 м/с жетеді, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +6+11.
Ақмола облысында аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +8+13, түнде +2+7.
Қостанай облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде +3+8.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, солтүстігінде төтенше өрт қауіптілгіі сақталады. Күндіз +15+20, түнде +2+7.
Алматы облысында жаңбыр жауады, күндіз тауларда және тау маңдарында, түнде өңір бойынша кей жерлерде, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +7+12.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +16+21, түнде +5+10.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде 0+5.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде күн күркірейді, батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +8+13, түнде +3+8.
Атырау облысында түнде және ертеңгісін тұман күтіледі. Күндіз +19+24, түнде +7+12.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +20+25, түнде +11+16.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған жауын+-шашынды, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде +1+6.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +3+8.
«Алдағы күндері жаңбыр жаууына байланысты республиканың оңтүстік-шығысында және шығысындағы өзендерде судың көбеюі байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер.

adimage