СҚО-да облыстық автожолдың учаскелерін жөндеуге Т5,3 млрд-қа жуық жұмсамақ

Петропавл. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында облыстық автожолдың учаскелерін күрделі жөндеуге Т5,3 млрд-қа жуық жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ; атауы - работы по капитальному ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - облыстық маңызы КТ-32 «Пресновка-Благовещенка-Қайранкөл» 37-98 км учаскеде, 1 іске қосу кешені 77-98 км бар автомобиль жолын күрделі жөндеу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т5 288 064 445», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 30 қаңтарда басталып, 6 ақпанға дейін жалғасады.

Фото көзі: egemen.kz


adimage