Ресейлік азамат жүк пойызымен Қазақстаннан Ресейге заңсыз өтпек болған

   Астана.26 мамыр.ҚазТАГ- Ресейлік азамат жүк пойызымен Қазақстаннан Ресейге заңсыз өтпек болған, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
  «17 мамырда Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды Ресей Федерациясына заңсыз өтпек болған шетел азаматын ұстаған. Шекаралық бақылауды іске асыру барысында жүк пойызы вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған мемлекеттік шекараны бұзушы анықталды»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
   Ұсталған адам ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

adimage