ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі тағайындалды

Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ – Талғат Жанжүменов ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды», - делінген хабарда.
Жанжүменов 2016 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін ҚР қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.
«Түрлі жылдары ҚР Әскери әуе күштерінде, ҚР Қарулы күштерінде, ҚР Қорғаныс министрлігінде, ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет атқарды. 2001–2006 жылдары — ҚР Республикалық гвардия қолбасшысының орынбасары, 2008–2010 жылдары — ҚР Қарулы күштерінің тыл бастығы, 2010–2013 жылдары — ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, 2014–2015 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісінің орынбасары, 2015–2016 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болған», - делінген хабарда.

adimage